Текст
Мектебімізде 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні аталып өтті. Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мен тәлімгер Маликзатова Зарина Тюлеевна ұйымдастырған іс-шараға Ауған соғысына қатысқан ардагер шақырылып, сол жылдарды еске алып, қаза тапқан жауынгерлердің есімі мәңгі есте қалатын ерлік жасалғандығы жөнінде айтылды. Іс-шараның барысында оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, “Өзін-өзі басқару ұйымы” Ауған соғысының ардагері Устебеков Сакен Ахметовичке тәтті сыйлықтарын сыйлады.