Текст
«Адалдық сағаты» «Адалдық дүкені» - тәрбие мекені. Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, «Адалдық сағатын» өткізу. Осы мақсатта бүгін мектебімізде сынып сағаттары болып өтті. Оқушылар белсене араласты. Сынып сағаты барысында «жемқорлыққа жол жоқ» деген мақсатпен оқушылар «Адалдық дүкені» акциясын өткізді. Акция барысында оқушылар белсенділік танытып , адалдықтарын көрсетті.